Техаста екі қазақ есірткімен ұсталды
Техаста 27 қыркүйек күні қазақстандық Нұрсұлтан Мұқтаралы мен Мухит Дәнібеков ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Техастағы I-10 тас жолында қазақстан азаматтарын жүк көліктерін тексеру кезінде полиция тоқтатқан.
Шериф кеңсесінің мәліметінше, Сигма атты қызметтік ит белгі беріп, тексеру барысында автовоздың құрылымының ішінен 35 кг кокаин табылған.
Қазір екі ер адамға ірі көлемде есірткі сақтау бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл бірінші дәрежелі ауыр қылмыс деп есептеледі.
Екі ер адам Чемберс округінің түрмесінде қамалып отыр. Сонымен қатар, әрқайсысына 200 мың доллар кепіл белгіленген. Екі қащақстан азаматының туыстары олардың жалаға ұшырағанын айтуда, Ұсталғандардың бірінің ағасы Жомарт Дәнібековтің айтуынша, Мухит пен Нұрсұлтан жүргізуші болып жұмыс істейді екен. Олар бірнеше жыл көлік тасымалдаумен айналысқан.
«Олар Америкаға адал еңбек етуге барған, өзге біреудің қылмысы үшін жапа шегу үшін емес», – дейді Жомарт Дәнібеков.