Түрікменстан президентінің Ресей Федерациясына жұмыс сапары басталды

8 қазан 2024 16:00 / Евразия
ФОТО: turkmenistan.gov.tm

Түрікменстан президентінің Ресей Федерациясына жұмыс сапары басталды. Сердар Бердімұхамедов ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына аттанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сердар Бердімұхамедовті Мәскеудің Внуково-2 әуежайында ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы әуе айлағынан сапар барысында бөлінген резиденцияға бет алды.

Түркіменстан басшысының алдағы 8 қазанда өтетін ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысуы республиканың Достастық форматындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен тең дәрежедегі сындарлы диалогты одан әрі арттыруға бейілінің тағы бір дәлелі болып табылады.

Серіктес жаңалықтары