Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында жеңілдетілген кеден дәлізі құрылады

1 қараша 2023 16:51 / Евразия

Парламент Мәжілісі «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметі арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Аталған заң жобасы Мәжіліске Үкіметтің қаулысымен 2023 жылы 9 қазанда енгізілді. Құжат Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасында оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялауға бағытталған. Бұл келесімде тараптар арасындағы кедендік бақылауды жүргізу мерзімін қысқарту, тауарлар мен көліктерге қатысты ақпарат алмасуды дамыту, кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдету және сыртқы экономикалық қызметке қатысатындар үшін қолайлы жағдай жасау жоспарланған. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжіліс депутаты Мәди Такиев.

 

Серіктес жаңалықтары