Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылады
17 қараша 2025 10:29 / Евразия
Жапонияда Сакурадзима жанартауы атқылады. Бұл туралы Kyodo агенттігі ақпарат таратты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақпаратқа сәйкес, Жапонияның оңтүстігіндегі Кагосима шығанағындағы түбекте орналасқан Сакурадзима жанартауы жергілікті уақыт бойынша 00:57-де атқылаған. Күл бағаны шамамен 4 400 метр биіктікке көтерілген.
Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер немесе қайтыс болғандар жоқ. Жақын маңдағы елді мекендердегі ғимараттарға зақым келмеген.
Айта кетейік, Сакурадзима – Жапониядағы ең белсенді жанартаулардың бірі. 2016 жылдың ақпанынан бері оның кратеріне кіруге шектеу қойылған.
15 қыркүйек 2026 13:19 / Евразия
Стамбұлда екі өзбекстандық әйелді өлтіргендер өмір бойына сотталды
26 тамыз 2026 9:15 / Евразия
БАӘ-де екі қазақстандық қыз қаза тапты
30 шілде 2026 16:32 / Евразия
Қамшыбек Тәшиев сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді
28 шілде 2026 12:30 / Евразия
Түрмедегі аналар туған күнінде балаларымен қауышты
21 шілде 2026 11:35 / Евразия
Суға батқан төрт қызды құтқарған танымал ММА спортшысы ажал құшты
10 шілде 2026 9:27 / Евразия