Путин Иранды қолдайтынын айтты
Путин Санкт-Петербург қаласында Иранның Сыртқы істер министрімен кездесті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол Иран халқы бұл қиын кезеңнен өтеді. Өңірде бейбітшілік орнайды деп сенім білдірді. Әрі Ресей Таяу Шығыста делдал болуға дайын деді. Бұған дейін Мәскеудегі билік шиеленісті ушықтырмау үшін Иранның байытылған уранын алып кетуді ұсынған. Алайда АҚШ бұл ұсынысты қолдамаған. Путин Иран басшылығымен стратегиялық серіктестік жалғасатынын айтты.
Айта кетейік, екі ел арасында былтыр 20 жылға арналған ұзақ мерзімді келісім жасалған. Ресей Ирандағы атом электр станциясының жаңа блоктарын салып жатыр. Иран тарапы да қалыптасқан байланыстарды жалғастыруға ниетті. Кремль АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің қайта жанданғанын, Таяу Шығыстағы шиеленістің тоқтағанын қалайды.