Путин Жеңіс күні қарсаңында Украинамен уақытша бітімге келуі мүмкін
Владимир Путин Дональд Трамп-қа Жеңіс күні қарсаңында Украинамен уақытша бітім жариялауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаков айтты.
«Дональд Трамп Ресейдің жуырда жариялаған Пасхаға арналған уақытша бітімін оң бағалады. Осыған байланысты Владимир Путин америкалық әріптесіне Жеңіс күнін атап өту кезеңінде де бітім жариялауға дайын екенін жеткізді», - деді ол.
Сондай-ақ, Трамп бұл бастаманы белсенді түрде қолдап, бұл мерекенің «Екінші дүниежүзілік соғыстағы нацизмді жеңудегі ортақ жеңісті білдіретінін» атап өткен.
Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған телефон әңгімесі барысында Путин Трампқа әскери операция аймағындағы жағдай туралы да айтқан.
Трамп Украинадағы қақтығысты аяқтайтын «келісім жақын» екеніне сенетінін білдірген.