Танымал миллионер Ресейде тікұшақ апатынан қаза тапты
8 қаңтар 2026 9:33 / Эхо Москвы
Ресейдің Пермь өлкесінде жеке тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы өңір бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Бардым ауданында “Ашатли-парк” демалыс базасының аумағында жеке тікұшақ құлап түсті. Өкінішке қарай, тікұшақ апаты салдарынан екі адам қаза тапты», – делінген ақпаратта.
Baza Telegram-арнасының хабарлауынша, Пермь өлкесіндегі жеке тікұшақ апатынан “Таттранском” компаниясының құрылтайшысы Ильяс Гимадутдинов және осы фирманың автоколонна басшысы Эльмир Коняков қаза болған. Арнаның алдын ала мәліметіне қарағанда, ұшу кезінде қозғалтқышқа мұз қатқан болуы мүмкін.
19 қазан 2026 15:23 / Эхо Москвы
Украиналық дрондар Санкт-Петербургке шабуыл жасады
19 қазан 2026 13:25 / Эхо Москвы
Ресейде маймыл шешегі тарала бастады
16 қазан 2026 16:28 / Эхо Москвы
Мәскеу Башар Асадқа баспана беру туралы шешімін өзгертпейтінін мәлімдеді
12 қазан 2026 9:25 / Эхо Москвы
Ресейдегі “Яндекс” орталығына шабуыл жасалды
6 қазан 2026 17:34 / Эхо Москвы
Кремль Ресейдегі оба туралы ақпаратқа түсініктеме берді
24 тамыз 2026 13:37 / Эхо Москвы