37 адам бір мезетте сұмдық жағдайдан көз жұмды
Нигерияның оңтүстік-батысындағы Нигер өзенінде жолаушылар паромы апатқа ұшырап, 37 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға 15 мамырда Гбаджигбо ауданында болған. Билік өкілдерінің айтуынша, паром базардан үйіне қайтып бара жатқан саудагерлерді тасымалдаған. Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиғаға кемеге шамадан тыс салмақ салу себеп болған.Бұл туралы Cable басылымы жазды.
«Кеме апаты саудагерлер Гбаджигбо базарындағы жұмысын аяқтап, Нигер штатындағы үйіне бет алған кезде болды», - деп жазылған жергілікті билік өкілдерінің мәлімдемесінде.
Апат болған жерде іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Борттағы адамдардың саны әзірге нақтыланбады, бірақ құтқарушылар қаза болғандардың бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Төтенше қызметтер мен еріктілер тірі қалғандар мен өлгендердің мәйіттерін іздеуді жалғастыруда.