Шетелде түрмеде отырған қырғызстандықтар еліне қайтқысы келмейді
Шетел түрмелерінде 1 319 қырғызстандық жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қырғызстан Бас прокурорының орынбасары Үмүткан Конкубаева Жогорку Кенештің сот-құқықтық мәселелер, құқықтық тәртіп, қылмысқа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комитетінің отырысында осындай мәлімет жариялады.
Оның айтуынша, шетелде сотталған қырғызстандықтар туралы статистиканы Сыртқы істер министрлігі жүргізеді. Ведомствоның деректеріне сәйкес, олардың басым бөлігі Ресей түрмелерінде отыр - 1 003 адам. Қазақстанда 109, Өзбекстанда 55, Иракта 41 қырғызстандық жазасын өтеп жатыр.
Үмүткан Конкубаеваның сөзінше, шетелде сотталғандардың көбі жазасын әрі қарай өтеу үшін отанына оралғысы келмейді. Тіпті туыстары тиісті өтініш берген күннің өзінде, сотталған адамның келісімінсіз оны еліне ауыстыру мүмкін емес.