Әлемдегі ең қарт адам 114 жасында қайтыс болды
Гиннесс рекордтар кітабына әлемдегі ең қарт адам ретінде енген венесуэлалық Хуан Висенте Перес Мора 114 жасында қайтыс болды деген қаралы хабарын жеткізді оның туыстары мен Венесуэла басшысы Николас Мадуро. Перес 2022 жылы 4 ақпанда 112 жас және 253 күн болған кезде ең қарт адам болып ресми түрде танылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол 11 баланың әкесі, кітапқа енген кезде 41 немере, 18 шөбере және 12 шөпшек сүйген.
Перес фермер болды, сонымен қатар даулы жағдайларды шешуде шериф болып жұмыс істеді.
Ол 1909 жылы 27 мамырда Эль-Кобре қаласында он баланың тоғызыншысы болып дүниеге келген.
«Бес жасында Перес әкесімен және ағаларымен бірге жұмыс істей бастады және қант қамысы мен кофе жинауға көмектесті», - делінген Гиннестің рекордтар кітабында.