Ақ үй: Джо Байденде Паркинсон ауруы жоқ
АҚШ президенті Джо Байденде Паркинсон ауруы болған емес және онымен ауырмаған, - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер. "Президент Паркинсон ауруынан емделді ме? Жоқ. Ол қазір Паркинсон ауруынан емделіп жатыр ма? Жоқ. Ол Паркинсон ауруына қарсы қандай да бір дәрі қабылдай ма? Жоқ", - деп, олжауап берді брифингте журналистерге, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сонымен бірге, Жан-Пьер Байденнің жыл сайынғы медициналық тексерулер аясында невропатологқа үш рет барғанын атап өтті.
Бұған дейін The New York Post басылымы Ақ үйге келушілер журналына сілтеме жасай отырып, АҚШ президентінің емдеуші дәрігері Кевин О'Коннор қаңтар айында Паркинсон ауруы бойынша маманданған невропатолог Кевин Канардпен кездескенін хабарлады.
Канард 2023 жылдың жазы мен 2024 жылдың көктемі аралығында Ақ үйге сегіз рет барды, деп хабарлайды газет.
Байденнің денсаулығына қатысты алаңдаушылық оның АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен сайлау алдындағы теледебаттағы нашар көрсеткіштерінен кейін күшейе түсті.
Дебатта од тұтығып, ойын аяқтай алмай, қатты шаршаған адамдай әсер тудырған болатын.