АҚШ-қа заңсыз кірген 74 өзбекстандық еліне депортацияланды
3 наурыз күні АҚШ-тан депортациялаған 74 Өзбекстан азаматы Ташкентке жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі хабарлады.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне қарасты Dunyo агенттігінің мәліметінше, АҚШ чартерлік әуекомпаниясының Boeing 767 ұшағы Далластан (Техас штаты) шығып, Бухарест (Румыния) арқылы Ташкентке келген.
Депортацияланғандардың басым көпшілігі АҚШ аумағына Мексика, енді кейібірі өзге елдер арқылы кірген.
Айта кетейік, былтыр желтоқсанда елге заңсыз кірмек болған 119 өзбекстандық АҚШ-тан депортацияланған болатын.
АҚШ билігі заңсыз көші-қон үшін шекаралар жабық екенін мәлім етті. Тиісінше, Өзбекстан азаматтарынан аталған елге қауіпсіз әрі заңды жолдар арқылы баруға шақырды.
Қоса кетсек, бірнеше күн бұрын Мексика арқылы АҚШ-қа барған Өзбекстан азаматтары ел президенті Джо Байденді сотқа бергенін жазып едік.