АҚШ қытайлық электромобиль мен басқа да тауарларға баж салығын арттырады

15 мамыр 2024 16:34 / Мир

АҚШ Қытайдан келетін электромобильдер мен басқа да тауарларға баж салығын арттырады. Осылайша, Қытайдан электромобильдер импортына салынатын баж салығы төрт есеге – 25-тен 100 пайызға дейін өседі. Тарифтің көтерілуі Қытайдан келетін 18 миллиард долларлық тауарларға әсер етеді. Вашингтон бұл шешімді америкалық жұмысшылар мен компанияларды ҚХР-ның «әділетсіз сауда тәжірибесінен» қорғау ниетімен түсіндірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қытай жаһандық нарықты жасанды төмен бағамен экспортқа толтыруда», - делінген Ақ үйдің баспасөз хабарламасында.

Енді Қытайдан Америка Құрама Штаттарына импорттау айтарлықтай қымбаттайтын тауарлардың тізіміне мыналар кіреді: электр көліктері, литий-иондық аккумуляторлар және оларға арналған бөлшектер, күн батареялары, болат пен алюминийдің кейбір өнімдері, негізгі минералдар, айлақ крандары және кейбір медициналық өнімдер.

Серіктес жаңалықтары