АҚШ-та жасанды интеллект оқушының қолындағы чипсиді қарумен шатастырып алды

26 қазан 2025 15:57 / Мир

АҚШ-тың Балтимор округінде жасанды интеллект жүйесі мектеп оқушысының қолындағы чипсы салынған пакетті қару деп қателесіп, полицияға хабар берген, деп хабарлайды Arbat.Media inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Таки Аллен есімді оқушы достарымен бірге тіскебасардан ауыз тиіп отырған сәтте, полиция қызметкерлері мылтық кезеніп, оны жерге жатқызған. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің қолына кісен салып, тінту жүргізгенімен, ешқандай қару таппаған.

Кейін полицейлер оқушыға жасанды интеллект түсірген күдік тудырған суретті көрсеткен. Онда Алленнің қолындағы пакеті қаруға ұқсап қалғаны байқалады.

Балтимор округінің мектептерінде былтыр орнатылған AI қару анықтау жүйесі бейнебақылау арқылы күмәнді нысандарды анықтап, полицияға хабар жібереді.

Мектеп әкімшілігі оқиғаға байланысты ата-аналар мен оқушыларға хат жолдап, бұл жағдайдың балаларға психологиялық тұрғыда кері әсер еткенін мойындады және оларға кеңесшілер тарабынан көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары