Әзірбайжан Франция елшілігінің екі қызметкерін нон грата тұлға деп жариялады
Бакудегі Франция елшілігінің екі қызметкері дипломатиялық дәрежесіне сай келмейтін қызметі үшін нон-грата тұлға деп танылды, олар 48 сағат ішінде елден кету керек, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі жария етті.
— 26 желтоқсанда Әзірбайжандағы Франция елшісі Анн Буайон сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Француз елшісіне елшіліктің екі қызметкерін Әзербайжан үкіметі дипломатиялық дәрежесіне сай келмейтіні және 1961 жылғы «Дипломатиялық байланыс туралы» Вена конвенциясына қайшы келетін әрекеті үшін нон грата тұлға деп танып, Әзербайжан аумағынан 48 сағат ішінде кету талап етілгенін жеткізді, - делінген Әзірбайжан СІМ хабарламасында.
Онда француз дипломаты өкілдік жетекшісіне сәйкес нота тапсырылды.
23 желтоқсанда әзірбайжандық бірқатар БАҚ Әзірбайжанда Францияның агентура желісі әшкере болғанын жазған болатын.