Байден: Президенттік мерзімінің соңына дейін Украина қаржысы толық жіберіледі
APPБайден Киевке президенттік мерзімінің соңына дейін бөлінген қаржының барлығы Украинаға жіберілетінін мәлімдеді. Ақ үй сайтындағы ресми мәлімдемеге сәйкес, Пентагон Киевке 2,4 миллиард доллардың қару-жарағын өткізеді. Оның ішінде қосымша әуе қорғанысы жүйелері, ұшқышсыз ұшақтар және әуе-жер қарулары бар. Атап айтқанда, «Украинаның ұзақ қашықтықтағы соққы беру қабілетін арттыру үшін» оған JSOW әуе бомбалары беріледі», - делінген Ақ үй мәлімдемесінде, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Украина Әскери-әуе күштерінің әлеуетін арттыру үшін мен Қорғаныс министрлігіне украиналық F-16 ұшқыштарын оқытуды кеңейтуді тапсырдым, оның ішінде 2025 жылы 18 қосымша ұшқышты оқытуға қолдау көрсету арқылы».
Байден, сондай-ақ, санкциялардан жалтару мен ақшаны жылыстатуға қарсы «жаһандық криптовалюталық желіні бұзу» шараларын жариялады, оны Әділет министрлігі, Қазынашылық департаменті және АҚШ Құпиялық қызметі басқа елдердегі серіктестерімен келісе отырып қабылдайды.picture anc