Байден Ресей жетістіктеріне әкелген Конгрестің әрекетсіздігін айыптады
Ақ үй басшысы журналистермен сұхбатында Донецк түбіндегі Авдеевкадан украин әскерінің шығарылуына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
"Украина сарбаздары конгрестің әрекетсіздігі салдарынан оқ-дәрілердің азаюына байланысты бар қорын үнемдеуге мәжбүр болды. Бұл Ресейдің бірнеше айдағы алғашқы елеулі табысына әкелді", - деді АҚШ президенті Джо Байден.
Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен АҚШ президенті Вашингтонның Киевке жаңа әскери көмек пакетін беретініне сенім білдірді.
АҚШ-тың Украинаға әскери көмегін жаңадан қаржыландыру туралы Конгресте келісе алмау америкалық заң шығарушылардың абсурдты және этикасыз әрекетін көрсетеді, - деді Ақ үй басшысы.
Зеленский оған қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Киев АҚШ Конгресінің дана шешіміне сенеді» деп жазды Украина президенті өзінің әлеуметтік желілеріне.
Айта кетсек, АҚШ Конгресі 2023 жылдың күзінен бері Украинаға жаңа әскери көмек көрсету туралы келісімге келе алмады. Сенат 13 ақпанда Киевке әскери көмек ретінде 60 миллиард доллар бөлетін жаңа пакетті мақұлдады, бірақ республикашылдар басым көпшілігін құрайтын Өкілдер палатасы құжатты мақұлдайтыны әлі де белгісіз болып тұр.