Баку Франция ІІМ басшысынан кешірім сұрауды талап етті

18 мамыр 2024 11:00 / Мир

Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Францияның Ішкі істер министрі Жерар Дарманеннің Жаңа Каледония істеріне араласу туралы айыптауларын жоққа шығарды. Соңғы күндері аталған аймақта жаппай наразылықтар басылмай тұр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Біз Францияның Ішкі істер министрі Жерар Дарманеннің Әзірбайжанға қарсы кезекті мәлімдемесін және Әзербайжан мен жаңа Каледонияның Тәуелсіздік қозғалысының жетекшілері арасындағы 2024 жылдың 16 мамырында «Франция-2» телеарнасына берген сұхбатында жасалған болжамды байланыстарды толығымен жоққа шығарамыз», - делінген Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Айхан Гаджизаденің мәлімдемесінде.

Министрлік сонымен қатар Францияны Әзірбайжанға қатысты басқа да негізсіз кінә тағуды тоқтатуға шақырды.

Кейінірек Айхан Гаджизаде журналистердің сауалына жауап бере отырып, Әзербайжанды диктатор ел ретінде ретінде таныған Француз министрінің сөздеріне түсініктеме берді.

«Францияның Әзірбайжанға қарсы жасаған мұндай мәлімдемелері ақылға қонбайды және біз оған үзілді-кесілді қарсылық танытып жатырмыз», - деді А. Гаджизаде.

Оның айтуынша, Әзірбайжанда негізгі құқықтар мен бостандықтар толық қамтамасыз етілген. Елде әртүрлі ұлт пен дін ұстаған адамдар жайлы және қауіпсіз жағдайда бірге өмір сүреді.

«Француз тарапы бұл мәлімдеме үшін кешірім сұрауы керек. Әйтпесе, бұл «Әзірбайжан-Француз» қатынасына одан әрі кері әсер етеді», - делінген баспасөз хатшысының мәлімдемесінде.

 

Серіктес жаңалықтары