Башқұртстанда ұсталған Рифат Даутов жұмбақ жағдайда қайтыс болды

28 қаңтар 2024 8:00 / Мир

Башқұртстандағы наразылықтардан кейін ұсталған Рифат Даутов түсініксіз жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ОВД-Инфо туыстары мен адвокатқа сілтеме жасап хабарлады.

Даутовты 25 қаңтарда құжаттарын көрсетпей, өздерін ОМОН қызметкерлеріміз деп таныстырған адамдар ұстап, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Туыстары мәйітті тану үшін шақырылғанда ғана оның жоғалып кеткенін білген.
 
"Мой Башкортостан" басылымы жариялауынша, Даутовты әкетіп бара жатқанда ол суррогат алкоголь ішудің салдарынан қайтыс болды деген болжам бар.

Ол автобуста бүк түсіп ауырып жатып қалған, "полиция дереу жедел жәрдем шақырғанымен, ол дәрігерлер келгенше қайтыс болды", - деп жазады басылым полициядағы дереккөзге сілтеме жасап.

Бірақ бұл болжамды Даутовтың әпкесі жоққа шығарады, ол Рифаттың мүлдем ішпейтінін айтып отыр. 

Серіктес жаңалықтары