Биткоин фермасы – судың жауы
Биткоин фермасы – судың жауы,- деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Tanym Media жариялады.
Биткоин өндіру өте көп су мөлшерін қажет етеді. Мәселен, 2023 жылы биткоин фермаларын қамтамасыз етуге 2 триллион литр су кеткен, бұл бірнеше олимпиадалық бассейн немесе бір табиғи су қоймасы (көл).
Амстердам еркін университетінің (Нидерланды) зерттеушісі Алекс де Врис дайындаған мәліметтер Cell Reports Sustainability журналында жарияланды.
“Биткоин өндірісі аса қуатты есептеулерді қажет ететін процесс. Ол лотереяға ұқсайды, жеңімпаз санды кім бірінші болып дұрыс тапса, биткоин ұтып алады. Оған жету үшін сандаған талпыныс, болжам жасайды”.
2023 жылдың мамыр айындағы мәлімет бойынша, бүкіл фермалар желісінде әрбір секунд сайын 350 квинтиллион (18 нөлі бар сан) болжам генерацияланған.
Қазір 1 биткоин 38 мың доллар тұрады, демек бәске қатысуға құмар адам көп. Соның дәлелі – бүкіл әлем бойынша майнинг фермаларында миллиондаған құрылғы бар. Олар негізінен АҚШ-та, Қытай мен Қазақстанда орналасқан.
Алайда, дейді Врис, биткоинның судың жауы екеніне назар аударылмай отыр.
Майнинг фермалары, біріншіден, суды тікелей, яғни жүйені салқындату, ауаны ылғалдандыру үшін пайдаланады.
2-ден, фермаға өндіріс үшін электр энергиясы керек, ол үшін де су пайдаланылады.
Мәселен, 2020 жылы 591,2 гигалитр су қолданылған,
2021 жылы - 1573,7 гегалитр, яғни үш еседей өскен. Болжам бойынша, 2023 жылы фермалар 2237 гигалитр су жұмсайды.
Майнинг фермасы қолданған су:
1) экологияға зиян, өндірістегі құрылғыны суытып, ысып шыққан су табиғи су қоймаларына, яғни өзен-көлге құйылады, сөйтіп ондағы температураны көтереді.
2) Бұл тұщы су проблемасына әсер етеді. Әсіресе, бұл Қазақстан сияқты тұщы суға зәру елдер үшін өте қауіпті. Бұл елде майнинг фермасы өте көп.
Бұлай кете берсе, гуманитарлық ахуал күрделенеді, өйткені климатқа антропогендік әсер күшейіп жатыр және тұщы су қоры азаюда.
“Майнинг фермаларының суды тұтыну проблемасын шешу үшін, биткоин өндіруші компаниялар иммерсиялық салқындатуды қолдануға тиіс және тұщы суды қажет етпейтін энергия көздерін пайдалану мүмкіндігін қарастыруы керек” дейді мақала авторы.