БҰҰ басшысы Газа секторындағы «бейбіт тұрғандардың толассыз өлімін» қатаң айыптады

22 қазан 2024 23:33 / Мир
Фото: media.az

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторында, соның ішінде сенбі күні Израильдің Бейт-Лахиядағы тұрғын ауданға жасаған соққыларынан «ажал құшқандардың өлімін» айыптады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак дүйсенбідегі күнделікті брифингіде айтты, деп жариялады Синьхуа,

«Бейбіт тұрғындар қашан да құрметтеліп, қорғалуы керек», — деді Ф.Хак.

Газадағы денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, сенбі күні Израиль әуе күштерінің Газа секторының солтүстігіндегі Бейт-Лахиядағы тұрғын ауданға жасаған шабуылынан 87 палестиналық қаза тауып, 40-тан астамы жараланған.

«БҰҰ бас хатшысы Газа секторының солтүстігіндегі бейбіт тұрғындардың жағдайының тез нашарлауына, соның ішінде жаппай көшіру мен өмір сүру үшін қажетті заттардың жоқтығына қатты алаңдайды», - деді Хак.

А.Гутерриш гуманитарлық сала мамандары мен құтқарушылар жұмыстарын кедергісіз жалғастыру үшін мейілінше жағдай жасауға шақырды.

«Газаның солтүстігіндегі ауруханаларға жасалған соңғы шабуылдар онсыз да күйіп тұрған гуманитарлық дағдарысты одант әрі күшейтіп, ондаған мың адамның өмірін қауіпке тігіп отыр», - деді Хак жауынгерлерді науқастар мен медициналық қызметкерлерді қорғауға шақырып.

БҰҰ бас хатшысы шұғыл атысты тоқтатуға шақырды.

«Газа аумағында халықаралық гуманитарлық құқықтың өрескел бұзылғанын жан-жақты бақылап отырмыз. Осы қақтығысқа қатысушы барлық тараптарды жасаған халықаралық қылмыстары үшін жауапқа тарту маңызды. Шұғыл түрде Газа аумағында қалған тұтқындарды босатып, уақыт күттірмей атысты тоқтату керек», - деді ол Гутерриш.

 

Серіктес жаңалықтары