БҰҰ басшысы халықаралық қауымдастықтарды мұхиттарды құтқаруға шақырды
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сенбі күні халықаралық қауымдастықты мұхиттарды құтқару үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.«Мұхит жер бетіндегі барлық тіршілікті қолдайды әрі нығайтады, алайда біздің мұхитымыздың басына іс түсті, қиындыққа тап болды. Бұған тек өзіміз кінәліміз», - делінген БҰҰ Бас хатшысының жыл сайын аталып өтетін Дүниежүзілік мұхиттар күніне арналған жолдауында, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі жариялады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Гутерриш теңіз деңгейінің көтерілуіне әкелетін климат өзгерісінің әсерін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, климаттағы бұл өзгерістер «дамушы аралдардағы шағын мемлекеттер мен жағалаудағы популяциялардың өмір сүруіне» қауіп төндіріп қана қоймай, «экстремалды ауа райы барлығымызға әсерін тигізеді».
Дүниежүзілік органның басшысы өткен маусымда қабылданған Ұлттық юрисдикциядан тыс жерлерде теңіз биологиялық әртүрлілігін сақтау және орнықты пайдалану туралы БҰҰ-ның Теңіз құқығы туралы конвенциясына сәйкес келісімді «мұхиттарды басқарудың соңғы онжылдықтағы ең маңызды жаңа келісімі» деп атады.
Биылғы Болашақ саммитінде және келесі жылы Францияда өтетін БҰҰ-ның Мұхит конференциясында маңызды мүмкіндіктерді атап өткен Гутерриш үкіметтерді, бизнес өкілдерін, инвесторларды, ғалымдарды және қауымдастықтарды «біздің бағалы теңіз және жағалау экожүйелерімізді қалпына келтіріп, қорғай алатын шаралар қабылдауға міндеттеме алуға» шақырды.