Алтын кенішін су басып, 13 адам көз жұмды
27 қараша 2026 17:34 / Мир
Индонезияның Батыс Ява провинциясында алтын кенішін су басып, 13 адам қаза тапты. Тағы 13 жұмысшы жер астында қалып қойған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға 23 қарашада Богор ауданында болған. Толассыз жауған жаңбырдан жақын маңдағы өзен арнасынан асып, заңсыз жұмыс істеп тұрған алтын кенішін су басқан. Сол сәтте жер астында 26 жұмысшы болған.
26 қарашадағы мәлімет бойынша, құтқарушылар 13 адамның денесін тапқан. Қаза тапқандардың алтауының жеке басы анықталды.
Қалған жұмысшыларды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда кеніштің шамамен 100 метр тереңдікте орналасуы, өткелдердің тарлығы мен су деңгейінің жоғары болуы құтқарушылардың жұмысын қиындатқан.
27 қараша 2026 9:25 / Мир
Жас қыз танысының пәтерінен өлі табылды
26 қараша 2026 11:27 / Мир
Мысырда жанармай таситын көлік аударылып, 31 адам көз жұмды
25 қараша 2026 18:30 / Мир
Түркияда тағы бір ұшақ апаты тіркелді
24 қараша 2026 16:24 / Мир
Кәмпит шығаратын зауыт өртеніп, 24 адам қаза тапты
23 қараша 2026 17:15 / Мир
Словакияда адам ұрлады деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды
23 қараша 2026 16:50 / Мир