Чехияда украин азаматы бұрынғы әйелінің қынабына петарда жарып жіберді
Чехияда украин азаматы бұрынғы әйелінің қынабына петарда жарып жіберді. Енді ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.
Чехияның Пильзен қаласында бұрынғы әйелін өлтірмек болды деп айыпталған 36 жастағы Украина азаматы Александр С.-ға қатысты сот процесі басталды.
Дәрігерлердің жылдам араласуы мен операцияның арқасында әйел аман қалды, бірақ ауыр жарақат алған.
Алғашқы кездесуде қылмыстың жантүршігерлік жай-жапсары белгілі болды. Оқиға украиндықтың әйелі - Молдова азаматшасы күйеуімен ажырасып, бөлек тұруды шешкен кезде басталды. Әйел маңызды құжат алу үшін Александрдың үйіне келген. Күйеуі оны жыныстық қатынасқа түсуге көндірсе керек.
Сөйтіп ол әйелінен ажырасудан бас тартып, өзіне қайта оралуын өтінген, бірақ әйел одан бас тартқан.
Осыдан кейін Александр оған күш қолданды.
«Ол әйелінің аузын шүберекпен бітеп, скотч жпсырып тастаған. Сосын оның қолын артына байлап тастап, әйелдің қынабына петарда салып, оны жағып жіберді», - деп келтіреді чехиялық «Мейден» газеті прокурордың сөзін.
Жәбірленушінің айтуынша, күйеуі оны бұрын да петардамен қорқытқан, бірақ ол ешқашан жарылыспен аяқталмаған.
«Қазір де солай болады деп ойладым. Бірақ ол оттықты шығарып, петарданы жағып, жарып жіберді», - дейді әйел.
Жарылыстан кейін Александр дереу көмек сұраудың орнына әйелін шамамен 40 шақырым жерде орналасқан Пильзен қаласындағы ауруханаға апарып, дәрігерлерге "ішін ұрып жарақаттап алды" деп өтірік айтқан. Алайда дәрігерлер оған сенбей, дереу полиция шақырған.
Қазір сот процесі жалғасуда. Чехия прокуратурасы Александр С.-ны 20 жылға бас бостандығынан айыруды талап етеді.