Цукерберг әлеужелілердің құрбаны болған жасөспірімдердің ата-аналарынан кешірім сұрады

2 ақпан 2024 10:23 / Мир

АҚШ Сенатында Meta коропорациясының басшысы Марк Цукербергті әлеуметтік желілердің ықпалынан зардап шеккен ата-аналардан кешірім сұрауға мәжбүрледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  Variety порталы жариялады деп жазады Kazinform.

АҚШ Сенатындағы тыңдаулар кезінде балаларды интернетте сексуалдық мақсатта пайдаланудағы интернет-платформалардың ықпалы талқыланды.

Сенатор Джош Хоули Цукербергке қарап: «Сіз, балалары әлеуметтік желінің құрбаны болған ата-аналардан кешірім сұрадыңыз ба»,-деп сұрады жиында.

Цукерберг ата-аналарға бұрылып қарап, кешірім сұрады және Meta компаниясының балаларға тигізер зиянын азайтуға барынша күш салатынын жеткізді.

Сенатор Хоули Цукербергті әлеуметтік желілердегі зиянды контенттер мен бір-бірінің ар-намысына тию әрекеттерін жоюға шақырды.

Серіктес жаңалықтары