Дания Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындаудан бас тартты
29 мамыр 2024 16:00 / Мир
Дания парламенті Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындаудан бас тартты. Палестинаның тәуелсіздігін тану туралы қарардың қабылдануына 83 депутат қарсы шықты. 21 депутат қолдап, тағы екі парламентарий қалыс қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен тәуелсіз Палестина мемлекетін тану үшін «ешқандай алғышарттар» жоқ екенін айтты.
«Біз бұл қарарды қолдай алмаймыз, бірақ біз мұны жасай алатын күннің келуін қалаймыз», - деп қосты ол.
Бұған дейін Палестинаны Испания, Ирландия және Норвегия тәуелсіз мемлекет ретінде мойындаған болатын. Германия әзірге мұны жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеді.
30 қазан 2026 13:28 / Мир
Әлиев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне бармайды
30 қазан 2026 10:25 / Мир
Түркияның Каппадокия аймағында жартас опырылып, үш адам қаза тапты
29 қазан 2026 10:25 / Мир
Қырғызстанда ересектерге арналған барлық сайтты бұғаттау ұсынылды
28 қазан 2026 16:47 / Мир
Ер адам әйелін таспен ұрып өлтірген
28 қазан 2026 15:22 / Мир
Пойыздар соқтығысты: 46 адамның қаза тапқаны хабарланды
23 қазан 2026 17:28 / Мир