Норвегия Палестинаны мемлекет ретінде таниды
Норвегия Палестинаны мемлекет ретінде таниды. Корольдіктің өткен аптада жарияланған шешімі күшіне енді, деп Ослода Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Осыдан екі күн бұрын Норвегия Сыртқы істер министрі Эспен Барт Эйде Брюссельдегі кездесуінде Палестина ұлттық әкімшілігінің премьер-министрі Мұхаммед Мұстафаға растау құжатын ұсынды.
Норвегиялық саясаткердің пікірінше, егер басқа елдер Норвегиядан үлгі алса, бұл шешім Таяу Шығыстағы «бейбіт реттеуге үлкен серпін бере алады».
28 мамырда тәуелсіз Палестина мемлекетін тану туралы мәлімдемелер Ирландия мен Испаниядан да күтілуде, олар бірнеше күн бұрын Палестинаны Норвегиямен бір мезгілде мойындау ниеттерін жариялаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: