ЕО Ресейден газУкраина арқылы газ жеткізуді жалғастырғысы келеді
Киев пен Мәскеу арасындағы келісім-шарт 2024 жылдың соңында біткеннен кейін Еуропаның бірнеше елі Украина арқылы ЕО-ға ресейлік газды жеткізуді жалғастыруда. Германияның Экономика министрлігі мен Еурокомиссияның басылымға хабарлауынша, Германия үкіметі мен Брюссель Еуроодақ газ тұтынатын елдердің үкіметтерімен келіссөздер жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Газпроммен» Украина арқылы газ транзиті туралы келісім-шарт жасасу мүмкіндігі қарастырылуда, деп жазады Handelsblatt Еурокомиссия өкіліне сілтеме жасап.
Соғысқа қарамастан Ресей Украина арқылы Австрия, Словакия, Венгрия және Чехияға газ жеткізуді жалғастыруда.
Bloomberg Еуроодақ шенеуніктері 2025 жылы Ресей-Украина құбыры арқылы газ жеткізуді жалғастыру туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.
Талқыланып жатқан нұсқалардың бірі – еуропалық компаниялардың Әзірбайжаннан газ сатып алып, Еуропаға баратын ресейлік құбырларға айдауы.
Украиналық «Нафтогаз» компаниясының басшысы Алексей Чернышов бұған дейін газ тасымалдау жүйесінің жұмысын жалғастыру үшін барлығын жасайтынын мәлімдеді, өйткені «бұл үлкен актив және оған сатып алушы керек».