«Еуропа оянуы керек». Финляндия президенті Саули Ниинистё Ресей агрессиясы туралы
«Еуропа оянуы керек». Финляндия президенті Саули Ниинистё Ресей агрессиясы туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Көп жыл бойы НАТО-ға кірмеген Финляндия Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін әскери альянсқа қосылды. Енді ел президенті Саули Ниинистё Еуропаның басқа елдеріне үндеу жазды.
Оның негізгі тұстары:
▫️«Қажет көмекті көрсету үшін ғана емес, әскери өндіріске инвестиция қажет. Олар бізге Еуропаның күшті екеніне адамдарды сендіру құралы ретінде қажет. Соғыспен күресу үшін емес, бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін күшті».
▫️«Татулықты насихаттау – әлсіздік көрсетіп, көне салу емес. Бейбітшілік әрқашан жеңіс. Өмір жеңісі және қалыпты даму»
▫️«Ресей ешқашан өзі ойлағандай күшті болмайды. Ресей ешқашан бізге көрінгендей әлсіз емес. Түрлі формада пайда болған бұл сөзде біраз шындық бар».
▫️«Бастапқыда Ресей Украинаны бірнеше апта ішінде жеңеді деп болжанған. Бұлай болған жоқ. Украиндықтардың ерлігі шабуылға тойтарыс берді. Сондай-ақ Ресей экономикасы мен әскери әлеуеті құлдырады деп есептелді. Бұл да болған жоқ. Толық ауқымды соғыс әлі де жалғасуда және оның екінші жылдығына жақындап қалды».