Еуропалық католиктер Олимпиаданың ашылу салтанатын сынға алды

28 шілде 2024 10:00 / Мир
ФОТО: CBC

Франция мен Германияның католиктік епископтары Париждегі жазғы ойындардың ашылу салтанатын ұйымдастырушыларды «христиан дінін келемеждеу және мазақ ету көріністері» үшін сынға алды.Наразылық «Мереке» эпизодынан болса керек, онда бишілер мен дрэг-квейндер (әйелдер бейнесіндегі еркек артистер) соңғы кешкі ас - Иса Мәсіхтің елшілермен соңғы асы бейнелерін еске түсіретін кейәпте отырған. Франциядағы консерваторлар мен әсіре оңшыл саясаткерлер де аталмыш көріністі сынады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осылайша, Республикалық партияның сенаторы Валери Буайе  «біздің тарихымыздың христиандарды келемеждеуге бағытталған көрінісіне» шағымданды.

Өз кезегінде салтанаттың көркемдік жетекшісі Томас Жолли ешкімді «мазақтағысы» келмегенін айтты.

«Біріншіден, мен келеке емес, махаббат сүйіспеншілігін жеткізгім келді», - деді ол.

Жоллидің айтуынша, қойылым идеясы инклюзив болатын.

Серіктес жаңалықтары