Ош қаласында зорлық-зомбылықтан кейін ауруханаға түскен әйел қайтыс болды
2 қыркүйек 2026 15:20 / Мир
Күйеуінен таяқ жеп жансақтау бөліміне түскен келіншек көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қырғызстанның Ош қаласында зорлық-зомбылық белгілерімен аурухананың жансақтау бөліміне түскен Гүлзада Назирбаева 29 тамызда көз жұмды.
Ош облыстық полициясының мәліметінше, әйелдің өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Осыдан бір апта бұрын марқұмның туыстары Гүлзаданы күйеуі ұрғанын айтып, дабыл қаққан. Алайда марқұмның қайын жұрты бұл айыптауларды жоққа шығарған.
Қазір әйелдің өліміне қатысты мән-жайлар анықталып жатыр.
16 қазан 2026 15:17 / Мир
АҚШ-тағы мектептегі атыстан мұғалім мен үш бала қаза тапты
15 қазан 2026 14:22 / Мир
Ыстамбұлда нөсер жаңбырдан 2 адам қаза тапты
15 қазан 2026 13:36 / Мир
Ормуз бұғазында төрт кемеге шабуыл жасалды: бірі суға батты
14 қазан 2026 10:25 / Мир
Жолаушылар автобусы өртеніп, 28 адам қаза тапты
13 қазан 2026 9:30 / Мир
Автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 11 адам қаза тапты
12 қазан 2026 16:25 / Мир