Еуропарламент Еуроодақ саясаткерлерінің Ресейден пара алғанын тексеруді талап етеді
«Еуропаны жаңарту» фракциясының жетекшісі Валери Айе Еуропарламент басшысы Роберта Метсолеге жолдаған хатында Ресейдің еуропалық саясаткерлерге пара бергені туралы күдікпен «жедел және ашық» ішкі тергеу жүргізуді талап етті, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Егер алдағы сайлауда қазіргі депутаттар немесе кандидаттар Ресей үкіметінен немесе оның сенімді өкілдерінен ақша алса, оларды әшкерелеп, оларға қарсы шара қолдану керек», - деп келтіреді Айенің сөзін AFP.
Өз кезегінде "жасылдар" тобының тең төрағасы Терри Райнтке болып жатқан оқиғаны «демократияның мәніне жасалған шабуыл» деп атады.
«Осылайша Владимир Путин Украинадағы соғысы үшін жауапкершіліктен құтылуға тырысады», - деді ол.
Бұған дейін Чехия билігі Еуропада ресейлік үгіт-насихат таратумен және Еуроодақ саясаткерлерін сатып алумен айналысатын Ресей Федерациясынан қаржыландырылатын ықпал ету желісін әшкерелегенін мәлімдеген.
Немістің Der Spiegel басылымы мен чехиялық Denik N газетінің хабарлауынша, Voice of Europe ақпараттық сайты аталмыш схеманың бір бөлігі болып табылады. Ал желінің ортасында ресейшіл украиндық «Оппозициялық платформа - Өмір үшін» партиясының бұрынғы жетекшісі және Ресей президентінің құдай әкесі Виктор Медведчук тұр.
Voice of Europe сайтында еуропалық саясаткерлердің Украинаға көмек көрсетуді тоқтату туралы үндеулері үнемі жарияланып тұрады.
Бұл үндеулердің кейбір авторларына, Denik N-ның айтуынша, бұл үшін ақша төленген - кейбір жағдайларда маусым айында өтетін Еуропарламент сайлауына арналған сайлауалды үгіт-насихат шығындарына сәйкес келеді.
Басылымның жазуынша, әңгіме Германия, Бельгия, Франция, Венгрия, Нидерланды және Польша саясаткерлері туралы болып отыр.