Exit poll: Лейбористер жеңіске жетті

5 шілде 2024 9:00 / Мир

Ұлыбританияда өткен Жалпы сайлауда Лейбористер жеңіске жетті. Ұлттық телеарналар өткізген экзит полл нәтижелері осылай дейді. Егер болжамдар расталса, жаңа премьер-министр Лейбористердің көшбасшысы Кир Стармер болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

,Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Экзит полл нәтижелеріне сәйкес негізгі қарсыласынан 170 дауыс артығымен жинаған Лейбористер саяси додада жеңіс тұғырынан көрінуі әбден мүмкін. Демек партия көшбасшысы Кир Стармер премьер-министр болып, жаңа үкімет жасақтайды.

Бұған дейін оппозицияда болған саяси ұйымның 410 депутаты Қауымдар палатасының төрінде отырады. Ал ел басқарған консерваторлардың саны 131 депутатқа дейін қысқарып, олар оппозицияға кетеді Бұл екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бергі Торилер үшін ең төменгі көрсеткіш. Экзит полды BBC, ITV және Sky телеарналары өткізді.

«БигБен тілі түнгі 10-ды көрсетіп, экзит-поллдың нәтижесін жариялайтын уақыт келді. Алдын ала жасалған болжамдарға сәйкес сэр Кир Стармер лейбористерді билік басына қайта әкеліп отыр», деді тікелей эфирді жүргізген BBC телеарнасының журналисі Лора Куэнссберг.

Ал үшінші орында либерал-демократтар. Олардың 61 депутаты парламентке мүше болмақ. Сайлау бойынша сарапшы Джон Кертис пен статистика тобы Англия, Шотландия және Уэльстегі 130-ға жуық сайлау учаскелесінде сауалнама жүргізген. Экзит полл Солтүстік Ирландияны қамтымайды. Бірақ оның нәтижелері көбіне расталады.

«14 жыл билікте отырып, елдің тоз-тозын шығарған Торилердің жеңілгеніне қуаныштымын. Лейбористердің көп орын иеленгеніне қуаныштымыз», деді Лондон тұрғындарының бірі.

«Бұрынғы билік партиясы түк бітірмеді, тек елді тонаумен болды. Біз жұмыстарын дұрыс орындап, елге қамқорлық жасайтын басшыныңкелгенін қаладық», деді тағы бір қала тұрғыны.

Егер экзит полл болжамдары расталса, 2019 жылғы Жалпы сайлауда нашар нәтиже көрсеткен Лейбористер партиясы үшін бүгінгі жеңіс өте жақсы жаңалық болмақ. Бүгін сайлаушылардың дауыстары түгел есептеліп, ресми мәліметтер жария етіледі.

Серіктес жаңалықтары