Францияда жаңа диверсия: телекоммуникация желілері зақымдалды
Францияда жаңа диверсия: телекоммуникация желілері зақымдалды. Францияның алты аймағында бірнеше байланыс операторларының талшықты-оптикалық желілері зақымданды. Ал Олимпиада ойындары өтіп жатқан Парижге зақым келген жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.
Францияның оңтүстігінде кабельдер кесіліп, француздық SFR және Bouygues Telecom телекоммуникация компанияларына тиесілі қондырғылар бүлінген, деп хабарлады француздық БАҚ.
Келтірілген шығын көлемі әзірге белгісіз, тергеу басталды.
Сонымен қатар, француз билігі жұма күні жүрдек пойызға жасалған шабуылға қатысы болуы мүмкін ер адамды қамауға алды.
Аса солшыл қозғалыстың белсендісі диверсия жасады деген күдікке ілінді.
Олар темір жол операторының техникалық үй-жайының кілтін, оның үстінен құрал-саймандарды және саяси әдебиеттерді тапты.