Газа секторында қаза тапқан палестиналықтар 14 мыңнан асты
Израиль мен Палестинаның ХАМАС ұйымы арасында қақтығыс басталғаннан бері Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 14 532 адамға жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ХАМАС бақылауындағы БАҚ үкіметтік басқармасынан мәлімдеді.
Қаза болғандар арасында 6 мың бала және 4 мың әйел бар, сондай-ақ 35 мыңнан астам адам жарақат алған, - дейді басқарма директоры Исмаил Тавабта.
Зардап шеккендер арасында 205 медицина қызметкері, азаматтық қорғаныс жасағынан 22 адам және 64 журналист бар.
«Жоғалғандар тізімінде 7 мың адам бар, соның 4,7 мыңнан астамы — балалар мен әйелдер» дейді И.Тавабта.
Израиль мен ХАМАС сәрсенбіде соғысты төрт күнге тоқтатуға келіскеннен кейін И.Тавабта Газаға, әсіресе ондағы ауруханалар мен гуманитарлық қызмет көрсететін мекемелерге дереу отын жеткізуге шақырды.
ХАМАС содырлары израильдік 50 тұтқынды — тек әйелдер мен балаларды, ал Израиль түрмеден 150 палестиналықты — әйелдер мен кәмелетке толмағандарды босатады, дейді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі.
Израиль Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге рұқсат береді.