Газада құрбан болған палестиналықтар саны 42 065-ке жетті

11 қазан 2024 11:00 / Мир
Фото: Ali Jadallah, Anadolu Agency @alijadallah66

Соңғы тәулікте 55 палестиналық Израиль армиясының блокададағы Газа секторындағы шабуылдарының құрбаны болды. Бұл туралы Израильдің эксклавта 370 күн бойы жасаған геноцид туралы ақпарат беретін Газа секторындағы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Соңғы 24 сағаттың ішінде Израиль армиясы Газа секторының әртүрлі бөліктерінде «бес қырғын» жасаған, нәтижесінде 55 палестиналықты қаза тапқан, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сонымен қатар, Палестина эксклавының 166 тұрғыны жараланды, делінген хабарламада, деп жазады Анадолы.

- 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторында жасаған геноцидінің салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 42 065-ке, жараланғандар саны 97 886-ға жетті, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Қаза тапқандардың мәйіттері әлі де қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем бригадалары мен азаматтық қорғаныс күштерінің өкілдері Израиль әрекетінен тудырған кедергілерге байланысты оларға жете алмай отыр, деп қосты ведомство.

Серіктес жаңалықтары