"Газпром" Қытайға газ жеткізудің жаңа рекордын хабарлады

4 қаңтар 2024 17:00 / Мир

Ресейлік энергетикалық алпауыт "Газпром" Қытайға газ жеткізуде күнделікті жаңа рекорд орнатқанын ресми түрде жариялады Осылайша «Сила Сибири»» құбыры арқылы Қытайға бұрынғыдан да көп газ тасымалданды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қаңтар айының басында «Газпром» Қытайға «Сила Сибири» газ құбыры арқылы күнделікті газ жеткізуді 2024 жылға арналған келісімде көзделген жаңа деңгейге көтерді.

Сонымен қатар 2 қаңтарда бұл жаңа деңгейден асып түсті және "Газпром" қытайлық тұтынушыларға күнделікті құбыр арқылы газ экспорттау бойынша тарихи рекордты жаңартты», - делінген компания хабарламасында.

2023 жылы «Газпром» «Сила Сибири» құбыры арқылы 22,7 миллиард текше метр газ жеткізді.

Бұл бір жыл бұрынғыдан бір жарым есеге дерлік артық.

2024 жылға арналған келісімшарт көлемі 30 млрд текше метрді құрайды.

Серіктес жаңалықтары