Германияда асыл тұқымды сәйгүлікті аштан қатырған
Германияда көптеген жарыстарға қатысқан асыл тұқымды сәйгүлікті аштан қатырған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Со Royal деп ат қойған бие 2000 жылы туған. Ол тез арада неміс ипподромдарында нағыз жүйрік сәйгүлік-жұлдызға айналған.
Бие 30 бәйгеге қатысып, оның алтауында топ жарып, 14 рет жүлде алған.
ФОТО: BILD
Оны 60 000 еуроға бағалаған. Асыл тұқымды болғандықтан оның санын көбейту үшін тұқымдастыруға да пайдаланған. Ол жеті төлді дүниеге әкелді.
2020 жылы оған Дубайдан «Дулыға» атты айғыр жіберілді. Бірақ бие буаз бола алмады, содан кейін ол бірнеше рет қолдан-қолға сатылған.
Желтоқсан айында оны Германияның солтүстігіндегі лас мал қорада, қаздар мен қойлардың арасынан тапты.
Со Royal қабырғасы шығып қатты арықтап, әлсіреген. Бір аптадан соң ол өліп қалды.
«Оның өлімі нағыз масқара», - дейді биені құтқаруға тырысқан 28 жастағы Тина Дамманн.
Қыздың айтуынша, жануар қатты дертке шалдыққаны соншалық, тіпті қасықпен берген жемді жеуге де шамасы келмеген.
ФОТО: BILD