Грекия премьер-министрі гей-некені заңдастыруға ниетті

16 қаңтар 2024 14:00 / Мир

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис парламентке бір жынысты некені заңдастыру туралы заң жобасын енгізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Euronews арнасына сілтеме жасап Kazinform агенттігі жариялады.

Көптеген ЛГБТ жұптарының мүдделерін қорғайтын заңгер Вассилис Сотиропулосте премьер-министрдің осы бастамасын құптайтынын жасырмады.

«Балалары бар көптеген ЛГБТ жұптары осы заңды күтеді. Олардың қарым-қатынасын неке деп тану балаларын да заңды түрде қорғауды қамтамасыз етеді», - деді ол.

Ресми ақпарат көздерінің жазуынша, аталған заңға ақпан айының соңына дейін Парламентте дауыс береді.

Оппозиция жетекшісі Стефанос Касселакистің өзі де өткен жылдың қазан айында Нью-Йоркте жұбымен бірге некеге тұрған.

«Біз некедегі теңдікті заңды түрде бекітеміз, бұл бір жыныстыларүға қатысты кез келген кемсітушілікті жоюға жол ашады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары