Грузия президенті наразылық білдірушілерге күш қолдануды тоқтатуды талап етті
Грузия президенті Ішкі істер министрлігінен наразылық білдірушілерге күш қолдануды дереу тоқтатуды талап етті. Саломе Зурабишвили Грузия парламенті маңындағы «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заң жобасына қарсы наразылық акциясының қатаң түрде таратылуын айыптады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Барлық жауапкершілік толығымен үкіметке жүктеледі.Грузин халқы бейбіт наразылық білдіру құқығынан айырылды», - деп жазды Грузия президенті X әлеуметтік желісінде #notoRussianlaw - #НетРоссийскомуЗакону хэштегін қосып.
Қысқа үзілістен кейін полицейлер шерушілерді қайтадан күшпен таратуға кірісті.
Әлеуметтік желідегі кадрларға қарағанда, қауіпсіздік күштері жиналған жұртқа су ағызып, көзден жас ағызатын газ баллондарын лақтырған.
Ұсталғандар туралы Paper Kartuli басылымы хабарлайды.