Израиль Газада геноцид жасады деген айыптарды жоққа шығарады
Израиль Гаагадағы сот отырысына дейін Газада геноцид жасады деген айыптарды жоққа шығарады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Биньямин Нетаньяху палестиналық бейбіт тұрғындармен емес, ХАМАС лаңкестік қозғалысымен күресіп жатыр және мұны «халықаралық құқыққа толық сәйкес» — деп мәлімдеді.
Ол Израильдің Газа секторын ұзақ уақыт басып алуды да, ол жақтан бейбіт тұрғындарды да қуып шығуды көздемейтінін баса айтты.
Операцияның мақсаты — Хамас лаңкестерін жою және кепілге алынғандарды босату, деп қосты Нетаньяху.
Израиль премьер-министрінің бұл сөздері Гаагадағы халықаралық сотта бүгін басталатын сот процесі алдында айтылды.
Оңтүстік Африка билігі израильдіктерді Газа секторындағы соғысты дереу тоқтатуға мәжбүрлеуді талап етіп, Израильге қарсы сотқа шағым түсірді.
Сонымен бірге Оңтүстік Африка Израильдің геноцид қылмысының алдын алу және жазалау туралы конвенцияны бұзуы мүмкін екенін айтты.