Израиль жасанды сиыр етінен жасалған стейкті сатуға рұқсат берді

22 қаңтар 2024 18:12 / Мир

Израиль жасанды сиыр етінен жасалған стейкті сатуға рұқсат берді. Сиыр еті Калифорниядағы ферманың Люси есімді қара ангус сиырының ұрықтанған жұмыртқасынан алынған жасушадан өсірілетін болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media телеграм арнасы жазады. 

Тиісті органдар компанияның маркировкасын мақұлдап, тағы бір тексеріп шығады.

Бірер айдан кейін дайын өнім тұтынушыларға жетеді.

Жалпы алғанда, әлемде 150-ден астам компания зертханада ет әзірлейді.

Бұл экология үшін тиімді дейді олар.

Мұндай ет үлкен шойын резервуарларда өсіріледі. Кәдімгі тірі жануардан алынған жасушалар (клетка) арнайы қоректік заттарға қосылып, кесек-кесек етке айналады. Сонымен, стейк дайын.

Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта мал аурулары көбейеді.

Экологияның жайы да белгілі.

Бірте-бірте бүкіл адам вегетарианға айналуы немесе жасанды ет жеуге көшуі ғажап емес.

Серіктес жаңалықтары