Израильге шабуылдан кейін жоғалып кеткен адамдардың мәйіті табылды
15 қазан 2023 7:00 / Мир
Израиль әскерлері Хамас шабуылынан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен адамдардың мәйітін тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мәйіттер Газа секторымен шекаралас аймақтан табылған, деп жариялады Jerusalem Post.
Қайтыс болғандардың саны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.
ХАМАС содырлары 7 қазанда Израиль аумағына жасаған шабуыл кезінде 150-ге жуық адамды кепілге алғаны белгілі.
Израиль қорғаныс күштері қолбасшылығының хабарлауынша, әскерилер кепілге алынғандарды табу және кейбір Хамас лаңкестерін жою мақсатында Газа секторына бірнеше рет рейд жасаған.
Атап айтқанда, Газадағы әскери операция кезінде Хамас әуе күштерінің басшысы Мурад Абу Мурад өлтірілді деген болжам бар.
Израиль әскері оны елге басып кіруге жауаптылардың бірі деп атады.
9 қыркүйек 2026 10:36 / Мир
Мешітте баласының еміне деп қайыр сұраған әкенің сөзі жалған болып шықты
7 қыркүйек 2026 16:30 / Мир
Қар көшкінінен 11 альпинист көз жұмды
7 қыркүйек 2026 15:12 / Мир
Жантүршігерлік ұшақ апатынан 5 адам опат болды
7 қыркүйек 2026 14:24 / Мир
Үйлену той кезінде өрт шығып, 22 адам қаза тапты
4 қыркүйек 2026 14:10 / Мир
Ер адам түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтірген
2 қыркүйек 2026 15:20 / Мир