Кәмпит шығаратын зауыт өртеніп, 24 адам қаза тапты

24 қараша 2026 16:24 / Мир

Индонезияда кондитерлік өнімдер шығаратын зауытта алапат өрт болып, 24 адам көз жұмды. Тағы 34 жұмысшы із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға 21 қараша күні кешке Бантен провинциясындағы Чиканде елді мекенінде болған. Өрт ел астанасы Джакартадан шамамен 50 шақырым жерде орналасқан PT Fonusa Agung Mulia кәсіпорнында тұтанған.

Құтқарушылар өртенген ғимараттың үйінділері арасынан жоғалған жұмысшыларды іздестіріп жатыр. Ғимарат құрылымдарының опырылып түсу қаупі іздеу жұмыстарын қиындатқан.

23 қарашадағы мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 24-ке жеткен. Жоғалған жұмысшылардың туған-туыстары хабар күтіп отыр.

Өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Құзырлы органдар қайғылы оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары