Словакияда адам ұрлады деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды
23 қараша 2026 17:15 / Мир
Словакияның Тренчин қаласында адам ұрлау және бопсалау күдігімен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды. Олардың жасы 18 бен 21 аралығында, деп хабарлайды Arbat.Media.
БАҚ-тың хабарлауынша, бес жігіт полиция қызметкерлері ретінде танысып, егде жастағы әйелдің үйіне барған. Сол жерде оның немересін ұрып-соққан. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаның себебі ақша бопсалау болуы мүмкін.
Күдіктілердің төртеуі ұсталған. Бесінші адамның қайда екені әзірге белгісіз, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтарымыздың ұсталғанын растады. Қазіргі уақытта Қазақстан дипломаттары оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.
23 қараша 2026 17:15 / Мир
Словакияда адам ұрлады деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматы ұсталды
23 қараша 2026 16:50 / Мир
Күнтізбелік ралли: неге қараша мен желтоқсан инвесторлар үшін сәтті айлар саналады
23 қараша 2026 15:16 / Мир
Көпқабатты үйде газ жарылып, алты адам қаза тапты
23 қараша 2026 13:22 / Мир
Трамп АҚШ банкротқа ұшырауы мүмкін екенін ескертті
23 қараша 2026 10:40 / Мир
Фабрика өртеніп, 50-ге жуық жұмысшы із-түзсіз жоғалды
20 қараша 2026 17:25 / Мир