Карло Масала: ХАМАС Украинаның соғыс тактикасы мен технология әдісін алған

16 қазан 2023 17:00 / Мир

Неміс әскери сарапшысы Карло Масаланың мәлімдеуінше, ХАМАС Украинаның соғыс тактикасы мен технология әдісін алған, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Израильге шабуыл жасаған Хамас содырлары күтпеген жерден қытайлық коммерциялық квадрокоптер дрондар қолданды. Неміс әскери сарапшысы Карло Масала: "Хамастың дрондарын пайдалану тәсілі - жаңа нәрсе. Біз мұндайды бұрын-соңды көрген емеспіз. Бұл содырлар Украинадағы соғыста көргенін мұқият қайталады", - дейді.
 
Ал Германиядан келген тағы бір сарапшы Йоахим Краузенің айтуынша, ХАМАС, "Хезболла", Иран және Ресейдің мүдделері бұрыннан бір-бірімен тығыз және көптеген деңгейде байланысты.

«Біз Мәскеу мен Тегеран бұл жерде қатар әрекет етіп жатыр және бұл үйлестірілген деп болжауға болады. Теракт көп ай бұрын дайындалды және мүмкіндікті күтті».
 

Сонымен қатар, Израильдегі лаңкестік әрекеттер орнынан содырлар тастап кеткен ресейлік қару-жарақ табылды. Хамастың «Нухба» шабуыл жасағы Ираннан алынған ресейлік қару-жарақпен - Калашников автоматынан бастап, Strela MANPADS-ке дейін қаруланған, деп жазады израильдік Haaretz басылымы.

Автор
Серіктес жаңалықтары