Болгарияда 50-ге жуық көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты

11 қараша 2026 15:28 / Мир

Болгарияның оңтүстік-шығысындағы Ямбол қаласының маңында «Тракия» автомагистралінде жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Салдарынан 12 адам көз жұмып, тағы 50 адам жарақат алған. Алдын ала мәлімет бойынша, бірінен соң бірі шамамен 50 көлік соқтығысқан.

Ямбол облысының губернаторы Георги Чалаков бұл оқиғаны өңір тарихындағы бұрын-соңды болмаған қайғылы жағдай деп атады.

Полицияның алдын ала болжамынша, жол апатына қою тұман салдарынан көрінудің нашарлауы, жолдың тайғақтығы және жүргізушілердің жоғары жылдамдықпен жүруі себеп болуы мүмкін.

Қайғылы оқиғаға байланысты Болгарияда ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Серіктес жаңалықтары