Куба билігі Канадаға басқа адамның сүйегін шатастырып салып жіберген
Канадалық 68 жастағы Фарадж Джарджур Кубада демалыста жүрген кезінде қайтыс болды. Ол Варадеро маңында теңізде жүзіп жүргенде инфаркт болған, Оның сүйегін еліне бөтен адамның мәітімен ауыстырып беріп жіберіпті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қызы Мәриям мен ұлы Карам әкелерін тірілтпек болғанымен, нәтиже болмады. Жедел жәрдем жағажайға 45 минутта жетіп, тек өлімді растады. Содан кейін өлген адамның денеі шезлонгында тағы сегіз сағат жатып қалған.
Тек бірнеше аптадан кейін ғана мәйіті Канадаға жеткізіледі. Отбасы табытты ашқанда Фарадждан шамамен 20 жас кіші ер адамның денесін көреді.Марқұм таз болатын, ал табыттағы адамның шашы бар.
Сонымен қатар, оның денесінде Джаржур ешқашан болмаған татуировкалары бар. Сөйтіп Кубада мәйіттерді шатастырып, басқа адамның сүйегін салып жібергені белгілі болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, табыттағы - ресейлік турист. Қазір Джаржур отбасы әкесінің денесін іздеп жатыр.
Монреальдағы Ресей консулдығы екінші мәйіт Ресей азаматы екенін не растап, не жоққа шығара алмай отыр.