Ливияда Муаммар Каддафидің ұлы — Саиф әл-Ислам қаза тапты

4 ақпан 2026 9:35 / Мир

Ливияның Эз-Зинтан қаласында Саиф әл-Ислам Каддафидің резиденциясына шабуыл жасалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оның жақтастарының мәліметінше, қарулы төрт адам үйге басып кіріп, бейнебақылау камераларын өшіріп, экс-ел басшысының ұлын физикалық түрде жойған. Хабарламада Саиф әл-Исламның қарсылық көрсетуге тырысқаны айтылған.

Саифтің өліміне қатысты мәліметтер бір-біріне қайшы. Кейбір БАҚ оның 444-бригадамен болған қақтығыс кезінде қаза тапқанын хабарлаған. Алайда бұл әскери бөлім оқиғаға қатысы бар екенін үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Марқұмның серіктестері БҰҰ мен халықаралық ұйымдарды оқиғаға байланысты тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырды.

Саиф әл-Ислам Каддафи әкесінің негізгі мұрагері ретінде қарастырылып, ұзақ уақыт бойы Ливиядағы саяси күрестің ортасында болды.

Серіктес жаңалықтары