Мальдив аралдары Израиль азаматтарына елге кіруге тыйым салды

11 тамыз 2024 18:45 / Мир
Фото: Pixabay.com

Мальдив аралдары Газа секторындағы қақтығысқа байланысты Израиль азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салады. Президент кеңесі Министрлер кабинетінің ұсынысымен осындай шешім қабылдаған. Үкімет қолданыстағы заңға түзету енгізіп, оны қадағалау үшін Министрлер кабинетінің кіші комитетін құрады. Израиль Сыртқы істер министрлігі тыйым салу туралы хабардан кейін аралға барудан бас тартып, онда жүрген азаматтарға елге қайтуға кеңес берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап, 24.kz жариялады, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

«Өйткені олар белгісіз себеппен қиындыққа тап болса, көмектесу мүмкін болмайды», делінген хабарламада.

Бұған дейін Катар, Мысыр және АҚШ билігі Израиль мен палестиналық ХАМАС-ты Газа секторындағы атысты тоқтату және өткен жылдың 7 қазанындағы шабуыл кезінде тұтқынға алынған израильдіктерді босату туралы келіссөздерді қайта бастауға шақырған.

Серіктес жаңалықтары